Бүгiн 2026, 10:33
Фото: Global Look Press/Michael Kappeler / AA
Малиде қорғаныс министрін өлтіріп кетті
Резиденция маңындағы жарылыстан кейін министрдің қаза тапқаны белгілі болды.
Мали Республикасының қорғаныс және ардагерлер ісі жөніндегі министрі Садио Камараның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ол 25 сәуір күні ел астанасы Бамако маңындағы Кати әскери базасында орналасқан резиденциясының жанында болған жарылыс кезінде мерт болған. Алдын ала дерекке сәйкес, жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылған.
Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Бұған дейін билік өкілдері Камараның қарулы топтардың шабуылынан аман қалғанын мәлімдеген еді.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылды «Джамаат-нусра аль-Ислам ва аль-Муслимин» (JNIM) және «Азавадты азат ету майданы» (FLA) атты қарулы топтар жасауы мүмкін.