Малайзияда COVID-19-дан қаза болғандар саны 21 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Малайзияда коронавирустық инфекциядан қайтыс болған науқастардың саны 21 мыңнан асты, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

13 қыркүйекте Малайзия аумағында коронавирустан тағы 413 науқас қайтыс болды деп хабарланған. Осылайша, елде COVID-19-дан көз жұмғандардың жалпы саны 21 124 адамға жеткен.

Сондай-ақ өткен тәулікте елде жаңа үлгідегі коронавирус жұқтырған 16 073 адам анықталды. Жалпы, Малайзияда пандемия басталғаннан бері SARS-CoV-2 инфекциясының 1 995 771 жағдайы расталды. Қазіргі уақытта мұнда коронавирустық инфекцияның 228 мыңнан астам белсенді жағдайы тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы