Малайзия астанасында Димаштың жеке концерті өтеді

Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурда "Axiata Arena Bukit Jalil” аренасында тұңғыш рет "Stranger" жеке концертін береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Концерттің өтетін күні: 2022 жылғы 19 қараша, басталуы сағат 20:30-да. Ұйымдастырушы: ACO MEDIA Билеттерді сату 21 қазанда сағат 11:00-де Ticket2U сайтында басталады, - деп жазды Қанат Айтбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өткен болатын. 

Бұл – Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті болған еді.

Бұл концертті осындағы ағайынға, жерлестеріме алғаш беріп отырмын. Ол тіпті мен үшін емтихан десем де болады. Сонымен қатар, сіздердің көңілдеріңізден шығып, баталарыңызды алу үшін алғаш рет осында келіп тұрмыз. Жалпы, мен 15 жасымда дәл осындай лық толы стадионда халықпен бірге ән орындасам деп армандайтын едім. Сол арманым сіздердің арқаларыңызда орындалып жатыр,- деді әнші концерт алдында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы