Мал ұрлығының құрбаны болмас үшін не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл тұрғындары үшін үй жануарларының жоғалуы – бұл нағыз қасірет, өйткені көпшілігі үшін олар тіршілік көзі.
Ауылдық жиындарда учаскелік полиция инспекторлары мал ұрлығы мәселелерін бірнеше рет көтеріп, қылмыс жасау себептерін талдауда.
Мәселен, бүгінгі күні Ақтөбе облысының аумағында 100 қылмыс тіркелген (2019 жылы - 170, 41,1% - ға төмендеген), онда қолсұғушылық мәні төрт түлік малы болып отыр.
Ұрлық жоспарының шарықтайтын уақыты – жаз мезгілі, малды жайылымға шығарғанда және оны қораға қоймас бұрын, яғни қыста. Бұл уақыт – учаскелік инспектордың ең қызу жұмыс кезеңі. Тұрақты жүргізілетін түнгі рейд жұмыстары қылмыскерлерді ұстауда да, мал ұрлығының алдын алуда да оң нәтиже береді.
Жүргізілген жұмыс барысында полиция қызметкерлері ауылдық округтерде мал ұрлығына жол бермеу бойынша баннерлер орнатты, фермерлік шаруашылықтардың басшыларымен кездесулер ұйымдастырды, сондай-ақ халықты малдардың мойнына жарық шағылыстырғыш ленталарды байлау қажеттілігі туралы хабардар ету мақсатында жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, полицейлердің күш-жігерінің өзі жеткіліксіз. Сол себепті аудан тұрғындары өздерінің жеке мүдделері шегінде бірінші орындардың бірі жеке мүлікті, атап айтқанда төрт түлік малды сақтау екенін түсінуі керек. Олар сөзбен емес, іс жүзінде жүзеге асыруы қажет.
Егер өзіңіздің қосалқы шаруашылығыңызды жүргізсеңіз, үй малын ұстасаңыз, оларды жайылымға жаю ұйымдастырылса және жайылымнан кейін уақытында қарсы алсаңыз, малды ұрлауға қарсы соңғы үлгідегі техникамен қораны жабдықтасаңыз, онда Сіздің тыныштығыңыз бен малдарыңыздың сақталуына кепілдік беріледі. Бірақ қазіргі әлемде бәрін болжау мүмкін емес. Қылмыстың құрбанына айналмас үшін, Сіз және сіздің туыстарыңыз, жақындарыңыз, көршілеріңіз мал басын жайылымда, кешке қайтарда және түнде қорада қалай сақтау керектігін білуі тиіс, - деді А.Арыстанов.
Полиция қызметкерлері кеңес береді:
- малыңызды таңбалап, белгі қою керек. Жылқы төлқұжатын алыңыз;
- ұрлықшылардың малға қол сұғуын болдырмау үшін қораларды, қашаларды бекітіңіз;
- қораларға сенімді тиектерді, құлыпты орнатыңыз;
- малды кәмелетке толмағандардың қамқорлығына немесе ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмаңыз;
- жайылымда ұжымдық мал жаюды ұйымдастыру қажет. Егер Сіз күн сайын жалғыз мал жая алмасаңыз, көршілеріңізбен малды кезекпен жаю туралы келісіңіз;
Егер де қайғылы жағдай орын алса:
- оқиға туралы полиция қызметкерлеріне, учаскелік полиция уәкіліне дереу хабарлаңыз;
- қылмыс іздеріне, қораларды бұзу іздеріне, қылмыскердің аяқ киімінің ізіне, қылмыс құралына, шина протекторының іздеріне, мал іздеріне қол тигізбеу қажет;