Мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ  баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 3 желтоқсанда Түркістан облысы ПД қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы Ордабасы және Арыс аудандары аумағында мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топ ұсталды.

5 адамнан тұратын бірінші топ Ордабасы ауданының аумағында 5 рет жылқы ұрлаған, осындай қылмыстық әрекеттері барысында 26 бас малды ұрлап кеткен. 

Ал 3 адамнан тұратын екінші топ Арыс ауданының аумағында тегіс ұңғылы мылтықпен ату арқылы 4 рет жылқы ұрлаған, бұл топ 19 бас малды қолды қылған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден айғақ заттар ретінде: 2 жылқы, 1 дана тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «Газель» маркалы автокөлік, «БМВ-520» маркалы автокөлік тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізілуде, айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталған адамдардың басқа да  қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Жоғарыда көрсетілген істерді ағымдағы жылдың қаңтарында сотқа жолдау жоспарланып отыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы