Мал сою алаңдары енді болмайды - вице-министр

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы жануарларын қадағалау жүйесін жетілдіру процесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» жаңа модулінің арқасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесінде (АЖЖ) сойылған жерлердегі сараптама актісімен және жануардың толық тіршілік циклі туралы ақпараты бар QR-кодты қалыптастырумен 1 және 2 нысандағы анықтамаларды беру процесі цифрландырылды. Бұл QR ет сату орындарында орналастырылады. Жаңа жүйе жануарларды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптаусыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір жаңа модуль Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарында пилоттық режимде сынақтан өткізілуде. Бұл тәсіл шекара бекеттерінде де енгізілген. Мұнда келіп түскен жүк туралы мәлімет ақпараттық жүйеге енгізіледі және мемлекеттік ветеринариялық инспекторға, ветеринариялық зертхана қызметкеріне жіберілетін тексеру мен сынамаларды іріктеу хаттамаларының электрондық нысандары қалыптастырылады. Жүйе Павлодар облысының шекаралық пункттерінде сәтті сынақтан өтті. 

Бүгінде ел аумағында 904 сою нысаны бар, оның ішінде 109 ет өңдеу кәсіпорны, 281 сою пункті және 514 сою алаңы. Ветеринарлық талаптарға сәйкес келмеуі салдарынан 106 сою нысаны жабылды, қаңтар-қазан айларында 661 сою алаңының есептік нөмірлері қайтарылып алынды, - деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Сондай-ақ, ол барлық ірі ауылдық округтерде ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасы бар мал сою алаңдарын ашу керектігін атап өтті.

Мал сою алаңдары өтпелі кезеңге мәжбүрлі шара ретінде ашылғандықтан, қазір заңнамаға өзгерістер енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз, содан кейін ондай мал сою алаңдары енді болмайды, - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ Кеңесте Аманғали Бердалин Қазақстан аумағында жануарлар мен құстарды жоспарлы диагностикалау және вакциналау туралы айтты. Жүргізілген диагностикалық және профилактикалық іс-шаралар туралы барлық мәліметтер АЖС базасына енгізілген. Тұтастай алғанда, қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылы елімізде қауіпті аурулармен сырқаттану ошақтарының 38% -ға төмендегені байқалады.

Шегірткемен күреске дайындық жағдайы барысын Серік Жұманғаринге ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановты баяндады. Бұрын хабарланғандай, соңғы жылдары зиянкестердің таралу алаңдарының өсуі байқалады, әсіресе, Ақтөбе және Қостанай облыстарында (1 091 мың га немесе республика бойынша жалпы алаңның 69%).

2023-2024 жылдары шегіртке дақылдарының таралуының 11 жылдық циклінің шарықтау шегі байқалады және келесі жылы 2,5 млн га алқапта шегіртке ошақтарының таралуы болжанып отыр. Бұл 2023 жылдан 1,5 есе жоғары. Ең көп таралуы Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында күтілуде, - деп мәлімдеді Азат Сұлтанов.

Егіс алқаптарын шегірткеге қарсы дер кезінде өңдеуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспары жасалып, мемлекеттік сатып алулар жарияланған. Оңтүстік өңірлерде қажетті жұмыстарды сәуір айында, солтүстік өңірлерде мамыр айында бастау жоспарлануда.

Жиын соңында Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірге ауыл тұрғындары арасында мал сою үдерісіндегі жаңалықтар мен олардың артықшылықтары туралы ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, егістік алқаптарын шегірткеден дер кезінде өңдеу үшін барлық қажетті рәсімдерді жедел жүргізу қажеттігін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы