Мал шаруашылығының жалпы өнімі 10,5% ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді.
"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 962,2 млрд теңгеден 1 трлн 63,5 млрд теңгеге дейін 10,5 пайызға ұлғайды. Соңғы жылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң өсім байқалады. Сиыр етін өндіру 477 мың тоннаны құрады. Бұл ішкі тұтынудың 98 пайызын қамтамасыз етеді", - деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.Министрдің айтуынша, бұған қоса, қой еті 150 мың тонна, шошқа еті 86 мың тонна болды.
"2018 жылдың қорытындысы бойынша, сиыр еті бойынша экспорт көлемі 19,9 мың тоннаны, қой еті 3 мың тоннаны, шошқа еті 400 тоннаны құрады", - деді баяндамасында Сапархан Омаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын аралады
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы