Мал шаруашылығын дамытқымыз келсе, жем-шөп өндірісінен бастау керек – Ербол Қарашөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында «Елдегі жемшөп дайындау және Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы құрғақшылық салдары» тақырыбында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрдің м.а. Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Отандық мамандардың деректері бойынша елімізде жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндіріледі. Сонымен қатар жем-шөптің осы көлемінің шамамен 70 пайызы негізінен табиғи шабындықтарда және жайылымдарда жиналады. Ал олардың өнімділігі толығымен ауа райына байланысты. Ауыспалы егістегі жем-шөп дақылдарының үлесі 15 пайыз деңгейінде қалып отыр. Бұл - ғылым ұсынған көрсеткіштен 2 есе төмен. Жем-шөп дақылдарымен небәрі 3,2 млн га қамтылған, - деді ол.
Ведомство басшысының пікірінше, мал шаруашылығын дамытудың негізгі қағидалары бұзылып, мал басының көбеюі жем-шөп базасын нығайтпай жүзеге асырылған.
Менің ойымша, асыл тұқымды аналық малдың жаппай импорты есебінен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасының дамуындағы мәселе себептерінің бірі базалық қағидаларды сақтамағаннан болды. Мал шаруашылығын ойдағыдай дамытқың келсе, жем-шөп өндірісінен бастау қажет, - дейді Ербол Қарашөкеев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сағынтаев спорт нысандарын қолжетімді етуді тапсырды
Өзгелердің жаңалығы