Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі төмен деңгейде – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай деді.
"Қазіргі таңда мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі төмен деңгейде қалып отыр. Бұл көрсеткіш 35 пайыздан аспайды. Ал Ресейде - 40, Беларусьте - 50, дамыған елдерде - 80 пайыздан астам. Отандық өңдеуші кәсіпорындардың толық жұмыс бабына шықпауына, жабдықтардың тозуы және шикізаттың жетіспеуіне байланысты бұл кәсіпорындар қосымша өсімді қамтамасыз ете алмай отыр", - деді Асқар Мамин отырыста.Өз сөзінде Үкімет басшысы кейбір мал шаруашылығы өнімдерін шетелден сатып алатынымызды, осы тәуелділіктен тезірек арылу керектігін айтты. Премьер-министр жалпы ауыл шаруашылығы саласында төмен көрсеткіш көрсеткен өңірлерді де атады.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мал шаруашылығының жалпы өнімі 10,5%-ға ұлғайғанын айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыста 400-ге жуық кәсіпкерлік нысан жөнделіп жатыр
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы