Мал іздеуге шығып, құдыққа түсіп кеткен адам 2 күннен кейін табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғалып кеткен Ащысай ауылының тұрғыны табылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.


2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 14.00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.


Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды.

16 наурызда сағат 15.10-да құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен. Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кірісті. Олар құтқару жібінің көмегімен ер адамды құдықтан алып шықты. Ер адам медицналық көмекке мұқтаж емес, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы