Мал іздеуге кеткен: Ұлытау облысында бір адам жоғалып кетті

Ұлытау облысында жоғалып кеткен малшыны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Жезқазған қаласынан 80 шақырым жерде 1991 жылы туған ер адамның туыстарына құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Ол күндіз ат үстінде шығып, мал іздеуге кеткен. ТЖМ іздестіру тобы Талдысай ауылынан 8 шақырым жерде ер адамды тауып алды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы