Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортын тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы журналистермен кездескен ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.
Ет бағыты бойынша мемлекеттің қолдау сүт бағытына қарағанда көп болды. Фермерлер мұны түсінеді. Қазіргі кезге дейін елімізден 156 мың тірі мал экспортталды. 2011 жылдан бері біз 130 мыңға жуық шетелдік селекциядағы мал әкелдік. Ал біз бір жыл ішінде 156 мың тірі мал шығардық. Бұл қандай сан екенін түсінген шығарсыздар, - деді Айдарбек Сапаров.
Оның сөзінше, осы уақытқа дейін қыруар жұмыс жасалды, сондықтан тірі малды экспортқа шығаруға мүлдем болмайды.
Бүгінде біздің міндетіміз – қайта өңделген өнімді экспортқа шығару. Біз осы бағытта жұмыс істейміз. Иә, ет бағасы Өзбекстанға қарағанда 100-120 теңгеге жоғары. Сондықтан біз фермерлерге субсидияны қалдырдық. Сондықтан барлық фермерлерді сабырға шақырамын. Ешқандай проблема болмайды. Олар бір килограмм ет үшін 200 теңге субсидия алады. Осы арқылы біз ішкі ет нарығын қамтамасыз етеміз, - деді вице-министр.Жақында "Қазақстанның ет одағы" бірлестігінің басшысы Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрлігінің мал экспортын шектеу туралы шешіміне қарсылық білдірген болатын. Ал Төлеутай Рахымбеков министрліктің бұл бастамасын қолдайтынын, айқай шығарып жүрген мал экспортымен айналысатын лицензиясы бар 6-7 компания деп мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өткен еді. Жиын барысында 2019 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттер айтылды. Сонымен қатар, ірі қарамен айналысатын 840 жаңа шаруашылық құрылғаны хабарланды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 38%-ға артық.
Бұдан бөлек, биыл көкөніс-бақша дақылы және картоп алқаптары ұлғайтылатыны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп Оскар алған "Паразиттер" фильмінің жеңісін сынады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы