Мальдив аралдарына қатынайтын рейстер уақытша тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana Мальдив аралдарына қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты.
Air Astana үкімет қабылдаған шектеулерге байланысты 2021 жылдың 31 мамырына дейін Алматы-Мальдив бағытындағы рейсті тоқтататынын хабарлайды.
Air Astana 17, 19 бен 24 мамырда Мальдивтегі жолаушыларды қайтару бойынша рейс ұйымдастырады. КС586 рейсі Маледен жергілікті уақыт бойынша 19:35-те ұшып, Алматыға ертесіне 03:05-те келеді. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жолаушылар Алматыға келгеннен кейін 14 күн карантинде болуға тиісті.
Қысқартылған рейс жолаушылары әуе билеттерін сатып алған жерге хабарласып, толықтай қайтарып ала алады немесе 2021 жылдың қазанына дейінгі кез келген ашық күнге тегін ауыстырып алу мүмкіндігі бар. Толық ақпарат алу үшін билет сатып алған жерге немесе Брондау мен ақпарат орталығына +7 727 244 4477 / +7 702 702 4477 нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз, - делінген Air Astana АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертіс арнасы қоқыс пен иесіз аулардан тазартылып жатыр
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы