Мақтааралдық диқандар 4000 тонна қауын-қарбызды экспортқа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жалпы аудан аумағында 190 бірлік шаруа қожалығы бір жыл ішінде бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясын пайдаланып 580 гектар алқапқа түрлі ерте пісетін көкөніс дақылдарын екті.
Қазіргі таңда бірінші өнімдер жиналып, екінші өнімге бақша, маш және мал азықты дақылдарын егу жұмыстары жаппай жүргізілуде.
Жалпы ағымдағы жылы ауданда 61 мың гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қазіргі таңда 20048 тонна көкөніс, 6061 тонна мал азықтық дақылдары өндірілді. Сонымен қатар, 16416 гектар жерге бақша дақылы егіліп, қазіргі таңда диқандар 4000 тонна қауын-қарбызды Ресей мен Еуропаның бірнеше елдеріне экспорттаған, - делінген ақпаратта.
Түркістан облысының Мақтаарал ауданының кіреберісінде орналасқан ауданның логистикалық орталығы жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған.
Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшек дүкенінің қызметтері қарастырылған. Сондай-ақ, көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовті қабылдады
Өзгелердің жаңалығы