Мақта кластерін дамыту: 13 жобаны іске асыру жоспарланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстандағы мақта кластерін дамытуға қатысуда.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуді ескере отырып, 2020-2023 жылдары инвестициялардың жалпы сомасы 21,39 млрд теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобаларда 1000-нан астам жұмыс орнын құру көзделген, - делінген хабарламада.

Аталған жобалар Түркістан облысы мен Шымкент қаласында іске асырылады.

Жобалардың өтініш берушілерімен, қызметінің негізгі бағыттарымен, құнымен, құрылатын жұмыс орындарымен және іске қосу жылымен төмендегі кестеде таныса аласыз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы