Мақта бағасы өседі: Енді киім қымбаттай ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өзімізде өндірілген киім-кешек қана емес, шетелден келетін киімдердің де бағасы қымбаттайды. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады.

Қазақстанда мақта аз, бірақ ол елді қамти алады, тігін кәсіпорындарына шамамен 15-20 мың тонна мақта керек. Сондай-ақ әлемдік нарықта мақта бағасы өскен.

Енді киім бағасы қымбаттайды. Себебі шетелден келетін киімнің шикізаты 30 пайызға қымбаттаған. Ал отандық мақтамен тек мемлекет тапсырысы орындалады.

Жалпы, біздің елде өсірілетін мақта көлемі ішкі нарықты қамти алады. Бірақ оның барлығы дерлік экспортталатындықтан, өзімізге мақта жетпейді, – деді Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы