Максим Рожин : Жолдауда айтылған мәселенің бәрі кез келген қазақстандыққа тікелей байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында ұлттық кеңес мүшесі Максим Рожин мәлімдеді.

Ол Президени Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты  ел халқына Жолдауын түсіндіру мен іске асыру мәселелері бойынша пікір білдірді.

Әрине, Президент Жолдауында сайлауға қатысты көптеген өзгерістер енді. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының депутатарына қатысты да бар. Айта кету керек, енді депутатар қосымша сайланбайды. Енді олар ұсынылады. Яғни, ұсынылған өкілдер сайланады. Екіншіден, Ассамблея өкілдері Мәжілістен Сенатқа көшеді. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы “суперпрезиденттік” басқарудан қуатты Парламенттік жол беріп отыр. Меніңше бұл батыл және аса қажетті қадам. Өйткені осыған дейін екі рет өтетін сайлауға қатысты түрлі пікірлер болған. Ассамблея депуттары қаншалықты дұрыс сайланады деген де әңгіме болды. Сол ырду-дырду әңгімелерді ысырып тастап, қазір нақты ұсынылған депутаттар сайланатын болады. Барлығы өз орнымен жүрмек, - деді ұлттық кеңес мүшесі Рожин.

Айтуынша, әрбір Қазақстаннык азаматы өзіне Президенттің Жолдауына атсалысып елімізді өркендетуге үлесін іс жүзінде қосуы керек.

Екінші кезекте айтарым, Ассамблея орны өзгерістерге ғана қатысты емес. Ассамблея ол біз және сіз ол бәріміз. Жолдауда айтылған мәселенің бәрі кез келген қазақстандыққа тікелей байланысты, -деді Максим Рожин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы