Макронның Рим Папасы лауазымына өз кандидатын өткізуге тырысқаны рас па?
Франция президенті Эммануэль Макрон Рим папасы лауазымына өз кандидатын өткізуге тырысты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Le Monde басылымына сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің мәліметінше, Макрон марқұм Рим Папасы Франциске жақын "Сант'Эгидио" католиктік қозғалысы арқылы кардинал Маттео Мария Зуппидің кандидатурасын қолдауға тырысқан. Басылым бұл мәліметтерді Макронның қозғалыс өкілдерімен және бірқатар кардиналдармен кездесулеріне сілтеме жасай отырып келтіреді.
"Сант'Эгидио" қозғалысы бұл айыптауларды жоққа шығарып, Макрон тек Папа сайлау процесіне қызығушылық танытқанын және оған араласу ниеті болмағанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Рим Папасы Франциск 21 сәуірде 89 жасында ми инсультінен көз жұмды. Ол соңғы рет 20 сәуірде Пасха мейрамында көпшілік алдына шыққан болатын. Бұған дейін понтифик ұзақ уақыт бойы пневмониямен ауырғаны хабарланған.
Жаңа Папаны сайлау үшін Конклав 7 мамырда өтеді. Оған 80 жасқа толмаған 135 кардинал қатыса алады.