Макрон Украинаға жүздеген миллиард еуро көмек жіберуге уәде берді
Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға жүздеген миллиард еуро көлемінде қаржылай көмек беруді ұсынды. Бұл туралы 6 наурызда өтетін Еуроодақ саммитінде талқыланбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Макронның айтуынша, Ресей Еуропаға үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан Еуропа өзін қорғауға дайын болуы керек. Бұған қоса, АҚШ билігіне Дональд Трамп қайта келіп, Украинаға әскери көмекті тоқтатуы мүмкін.
28 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездесуде сөзге келіп қалып, Зеленский Вашингтоннан мерзімінен бұрын кетіп қалған. Осыдан кейін АҚШ Украинаға қару-жарақ көмегін тоқтататынын мәлімдеді.
Франция мен Ұлыбритания Украинаға бейбітшілік әскерін жіберуді жоспарлап отыр. Бұл күштер Украинаға қорғаныс пен қауіпсіздік кепілдігін бермек.
Макрон АҚШ-ты Украинаны қолдауды жалғастыруға шақырды. Оның айтуынша, Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Украина міндетті түрде қатысуы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Блогерлер тегін тамақ ішкені үшін де салық төлеуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы