Макрон Себастьен Лекорнюды қайтадан премьер-министр етіп тағайындады
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің бұрынғы үкімет басшысы Себастьен Лекорнюды қайтадан премьер-министр қызметіне тағайындады. Бұл шешім бірнеше күнге созылған саяси дағдарыс пен келіссөздерден кейін қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Лекорню – Макрон президенттігінің екі жылындағы алтыншы премьер-министрі. Ол осы аптаның басында күтпеген жерден отставкаға кеткен еді, алайда президент оны қайта тағайындау арқылы үкіметтік дағдарысты уақытша болса да тоқтатуға тырысып отыр.
Франциядағы саяси тұрақсыздық 2024 жылғы Ұлттық жиналысты тарату шешімінен кейін басталды. Кезектен тыс сайлаулардың нәтижесінде парламентте бірде-бір партия көпшілік дауысқа ие болмады, ал елдің саяси спектрі айқын түрде бөлініп кетті.
Енді премьер-министр Лекорнуның алдында аса қиын міндет тұр – саяси келіспеушіліктерге қарамастан, 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетті қабылдау. Құжаттың соңғы мерзімі – 13 қазан, ал онда Францияның өсіп келе жатқан мемлекеттік қарызын азайту және шығындарды қысқарту жөніндегі маңызды шаралар қарастырылған.