Макрон: "Париждегі Олимпиадаға бәрі дайын!"

Франция президенті 22 шілдеде Олимпиада қалашығын аралады. Эммануэль Макрон Олимпиада қалашығында полиция комиссариаты мен өрт-құтқару казармасын ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфаксқа сілтеме жасап.

Біз дайынбыз және барлық ойындарға дайын боламыз, - деп сендірді Макрон.

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің батылдығын атап өткен президент олардың елді «ұжымдық мақтаныш» ететінін айтты.

Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы