Макрон Францияның жаңа премьер-министрін тағайындады

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің жаңа премьер-министрі етіп бұрынғы қорғаныс министрі Себастьян Лекорнюді тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы мәліметті Елисей сарайы таратты.

Президент оған ел бюджетін қабылдау және алдағы айларда қабылданатын шешімдерге қажетті келісімдерге қол жеткізу мақсатында Парламентте ұсынылған саяси күштермен кеңесуді тапсырды, - делінген хабарламада.

Осы талқылаулардан кейін жаңа премьер-министр президентке үкімет жобасын ұсынуы керек.

Себастьян Лекорню Макронға сенімі үшін алғыс айтты.

Республика Президенті маған нақты бағыты бар үкімет құру міндетін тапсырды: біздің тәуелсіздігіміз бен күш-қуатымызды қорғау, француз халқына қызмет ету, ел бірлігі үшін саяси және институционалдық тұрақтылық, - деп жазды Лекорну әлеуметтік парақшасында.

8 қыркүйекте Франция Ұлттық жиналысының мүшелері бұл қызметті 2024 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келе жатқан премьер-министр Франсуа Байруға сенім білдіруден бас тартты.

2022 жылдан бері Қорғаныс министрі қызметін атқарған 39 жастағы Себастьян Лекорню республика президентінің жақын тобына кіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Себастьен Лекорню / @Sébastien Lecornu в X
Өзгелердің жаңалығы