Макинскіні су басты. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
Ақмола облысының Макинск қаласында құтқарушылар су тасқынының салдарын жоюды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Апаттық-құтқару жұмыстарына Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті мен Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінен 130 адамнан тұратын төрт топ қатысуда. Оқиға орнында 13 бірлік техника, 12 мотопомпа және жылжымалы сорғы станциясының көмегімен су тасқынының салдарымен күресуде, – деп жазылған мәліметте.
Құтқарушылар су басқан аумақтардан суды сору үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адамы жоқ аралдар да салыққа "салғырт" қарамады
Өзгелердің жаңалығы