Бурабайда "Дамудың жаңа аумағы: Макинск" бизнес-форумы басталды

Бурабай, BAQ.KZ тілшісі. Бурабайда "Дамудың жаңа аумағы: Макинск" бизнес-форумы өтіп жатыр. 

Қазіргі таңда мемлекет елдегі ауыл шаруашылығының дамуына үлкен көңіл бөлуде.

Қазақстанда соңғы жылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде ілгерілеу байқалады. Оның ішінде сиыр етін өндіру – 477 мың тоннаны құрап отыр. Бұл ішкі сұраныстың 98%-ы, қой еті – 150 мың, шошқа еті – 86 мың тонна. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сиыр етін экспорттау үлесі – 19,9 мың тонна, қой еті – 3 мың, шошқа еті 400 мың тоннаны құрады. Былтыр 191 мың тонна құс ет өндірілсе, оның қосымша 146 мың тоннасы импортталуда.

Қазіргі таңда "Aitas KZ" АҚ бұл салада көш бастап тұр. Компанияның жалпы қолданыстағы нарық үлесі 10% және жергілікті өндірушілер арасында 17%-ды құрайды. 2018 жылы іске қосылған жаңа Макинск құс фабрикасы биылдың өзінде 50 мың тонна ет өндіруді жоспарға қойған. Алдағы 3-4 жылда өндіріс көлемі 150 мың тоннаға жеткізілмек.

Аталмыш шараның басты мақсаты – Солтүстік Қазақстанда ет өндірісі кластерін құру.

"Дамудың жаңа аумағы: Макинск" форумы аясында қатысушылар ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, ет кластерінде кездесетін қиындықтар, қой, құс етін өндіру және сатуды ұйымдастыру, халықаралық байланыс және басқа да мәселелерді талқыға салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы