24 Тамыз 2026, 13:50 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Макинск қаласында жылу кәсіпорны жұмысшыларға қарызын төледі

Бұланды ауданының прокуратурасымен еңбекақы төлеу саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізілді.

Бұланды ауданының прокуратурасымен жұмысшылардың жалақыны уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтары қорғалды.

Талдау барысында «Макинск жылу» ШЖҚ МКК-да 72 жұмысшы алдында жалпы сомасы 8,3 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды.

Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында прокуратурамен аудан әкімінің атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, жалақыны уақытылы төлемеген үшін кәсіп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде берешек толық көлемде өтеліп, 72 жұмысшының жалақыны уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Еңбек заңнамасының сақталуы Бұланды ауданы прокуратурасының тұрақты бақылауында, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.