Макгрегорге ота жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC күрескері Конор Макгрегордің бүгін америкалық қарсыласы Дастин Порьемен өткен жекпе-жегі әдеттегідей бұқараның назарын өзіне аударды.
Техникалық нокаутпен жеңіліс тауып, аяғын сындырып алған спортшыға енді ота жасалады деп хабарлады Sports.kz.
Аренаға өз аяғымен келіп, зембілмен шыққан Макгрегор алған жарақаты салдарынан хирургиялық емге жүгінуге мәжбүр болмақ. Бұл туралы UFC Дана Уайт мәлімдеді. Ол промоушнның басты жұлдызының болашағына қатысты пікірін білдірді.
Спорттың бұл түрінде гипотеза жасауға болмайды. Бәрін уақыт көрсетеді, сол үшін алда не күтіп тұрғанын айту қиын. Ертең Конорға операция жасалады. Оның денсаулығының қайта қалпына келуі мен емделіп шығуына қанша уақыт кететінін нақты айта алмаймыз. Барлығы уақыттың еншісінде, - деді UFC басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, жеңісті қарсыласы жұлып әкеткен спортшы жарақаты салдарынан жекпе-жекті ерте тоқтатқан соғ шулы мәлімдеме жасаған болатын.