МакГрегор қаңтарда жекпе-жекке шығады
Алматы, BAQ.KZ. UFC ұйымының екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпионы Конор МакГрегордың келесі жекпе-жекке шығатын күні белгілі болды, деп жазды Prosports.kz.
31 жастағы ирландиялық 18 қаңтар күні Невада штаты Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 246 турнирінде октагонға шығады. МакГрегорға 36 жастағы Дональд Серроне қарсылас атанбақ. Жекпе-жек жартылай орта салмақ (77 келі) бойынша өтеді.Еске сала кетелік, МакГрегор UFC ұйымындағы алтыжылдық мәнсабында 6 рет жекпе-жек кештерінің басты кездесулеріне шыққан және 9 миллион 75 мың ақылы сатылым сатқан. Бұл компанияға 400 миллион доллар пайда әкелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Хоккей. "Барыс" сапындағы "бір тал гүл"
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы