Мақаттық кәсіпкерлер өнімі 8 млрд теңгеден асқан – Атырау облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 8 млрд 263 млн теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге өскен. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1 мың 932 адамды құраған.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауданымызда 93 жоба мақұлданып несие берілді 2019 жылмен салыстырғанда 71 пайызды құрады. Атап айтқанда, 396 млн 780 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 102 жаңа жұмыс орны ашылды, – деп мәлімдеді аудан басшысы Шәкір Кейкин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы