Мақаттағы ГӨЗ жобасы қуатын көбейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақат ауданындағы жаңа газ өңдеу зауыты қуатын 5 млрд текше метрге дейін арттыруы мүмкін. Бұл туралы ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі брифингте Энергетика министрлігінің газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Зияш Қияқбаев хабарлады, дейді azh.kz.
Бізде бірнеше тұжырымдамалық жоба бар және олардың бірі тауарлық газ көлемін ұлғайту жобасы. Қазір Қашаған кен орнының операторы мен ҚазТрансГаз шикі газды одан әрі өңдеу және тауарлық газды алу үшін кен орны ресурстарынан қабылдап алу-беруді жоспарлап отыр. Жаңа зауыттың ТЭН дайын, - деді Зияш Қияқбаев.
Оның айтуынша, қазір егжей-тегжейлі жобалау жұмыстары жүріп жатыр, келесі жылы аяқталады, содан кейін ГӨЗ құрылысын бастау жоспарлануда. Бірінші кезеңде 1 млрд текше метрге дейін Қашаған газын қайта өңдеу туралы сөз болып отыр, кейіннен қуаты жылына 5 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады.
Газ жеткізу жұмыстары келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2041 жылға дейін жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты қолданыстағы ӨБК-ге (өнімді бөлу туралы келісім) қосымша келісім әзірленді. Қазір ҚазТрансГаз бен NCOC компаниясы арасында тиісті келісімнің 90% аяқталды.
Тағы бір жоба ретінде Қияқбаев Прорва кен орындары тобында қуаттылығы жылына 300 млн текше метр газды кешенді дайындау қондырғысын (ГКДҚ) атады.
Прорвада бір қондырғы жұмыс істеп тұрі, ал бұл шаруашылық айналымға ілеспе газдың қосымша көлемін тартатын екінші қондырғы болады және тиісінше бұл өңірде мұнай өндіруді ұлғайтуға жақсы серпін беріп, ауданның экологиясына үлес қосады, - деді Зияш Қияқбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент: Абай ауданына 150 дана жаңа контейнер орнатылды
Келесі жаңалық
Төрт облыста жол жабылды
Өзгелердің жаңалығы