Махмұд Сабырхан - бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионы

21 жастағы боксшы финалда өзбекстандық Ойбек Джураевтан басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

54 келі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы финалда өзбек Ойбек Джураевты екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Бірінші раунд қазақстандық боксшының айқын басымдығымен өтіп, төрешілер жеңісті Махмұдқа берді. Өзбекстандық спортшы екінші раундта да еш қарсылық көрсете алмай есе жіберді. Ал жекпе-жектің үшінші кезеңінде отандық жас талант қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, басымдығын айқындап, жеңісті жұлып алды.

Осылайша Қазақстан құрамаысның екінші боксшы әлем чемпионы атанды.  Бұған дейін Санжар Тәшкенбай Ташкент төрінде әлем чемпионы атанған болатын.

Бүгін тағы екі қазақстандық спортшы алтын үшін таласатынын айта кетейік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы