Махамбет – Сарытоғай тас жолында бақылау күшейтілді
Қарқыны күшті өр суы екі ауылға қауіп төндіргендіктен, Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабы "Махамбет - Сарытоғай" ауылдарын байланыстырып отырған жолды жыру туралы шешім қабылдаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта тас жол бойының екі жағына қорғаныс бөгеттері салынып, үстіне ұзындығы 12 метрлік плита қойылды.
Жаяу жүргіншілер және жеңіл автокөліктердің қозғалысын полицейлер бақылауда.
Өр суы осы жол жырығы арқылы сай-салаға кетіп жатыр. Қазіргі уақытта аудан бойынша 27 кезекшілік бекеті бар. Кезекшілікке ТЖ мамандары, сарбаздар, мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар жұмылуда, - деді Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі жедел штабының координаторы Алшынбек Мұханғалиев.
Сарытоғай ауылынан шығатын орташа және ауыр жүк көліктері “Сейтек” шәйханасы жанындағы айналма жолды қолдана алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы