Махамбет пен Ортақшыл ауылы ортасындағы көпір көлік қозғалысы үшін қауіпсіз

Махамбет пен Ортақшыл ауылдарын байланыстыратын, сондай-ақ «Атырау-Индер» тас жолына апаратын көпір көлік жүргізушілеріне қауіп төндірмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта көпірді аз мөлшерде тасқын суы шайған, алайда бұл көліктердің қозғалысына кедергі келтірмейді. Жолдың бұл бөлігін полиция тәулік бойы патрульдеуде,- дейді Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбетке Индер ауданы, Ақжайық ауылынан судың көп келуі байқалады. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен полицияның бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб
Өзгелердің жаңалығы