Махамбет ауданында жедел штаб күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге кірісті

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Махамбет ауданында жедел штаб күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев жедел штабтың кезекті жиналысын өткізді. Жиналыста аудан орталығы мен ауылдық округтердегі 4 мамыр кешкі сағат 20:00-ге дейінгі жағдай талқыланып, тиісті аумақтарға бекітілген өкілдер есебін берді.

Ауданда кезекшілік кестесі бекітіліп, соған сәйкес ахуал тәулігіне 24 сағат бойы бақылауға алынды.

Атқарылған жұмыстардың жай-күйі айтылып, тиісті тапсырмалар берілетін жедел штаб күшейтілген тәртіппен күндіз-түні жұмыс жасауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы