Махамбет ауданында 4000 мал басы қауіпсіз жерге көшірілді

Махамбет ауданында 4000 мал басы қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы мақсатта 17 қауіпсіз аймақ анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Махамбет ауданда 50 мыңға жуық мал бар. Жануарларды тасқын судан қорғау мақсатында 17 қауіпсіз пункт анықталды. Бұл туралы қауіпті аймақтарға жатқызылған аумақтарда егіс жұмыстарымен айналысатын 46 шаруа қожалығының басшыларына алдын ала ескерту берілді, - деді Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаев.

Қазіргі уақытта қауіпсіз аймақтарға 4000-нан астам мал айдалды.

Маршруттар мен карталар әлеуметтік желілерде жарияланды, оларды ауылдық округ әкімдері аудандық жер қатынастары бөлімімен және ауыл ақсақалдарымен бірлесіп әзірледі.

Үй жануарларын көшіру картасы екі бағытта жасақталды, яғни, ені мен бойлық координаттары негізінде және навигациялық маршруттар.

Мал иелері оны "Google maps" қосымшасында көре алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы