Махачев-Волкановский реваншы нокаутпен аяқталды

21 қазанда Абу-Дабиде UFC 294 турнирі аясында ресейлік файтер Ислам Махачев пен австралиялық Александр Волкановски арасында жеңіл салмақтағы чемпион белбеу бәске тігілген реванш кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек Махачевтің бірінші раундта нокаутпен жеңісімен аяқталды. Махачев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Еске салайық, Махачев пен Волкановскидің 2023 жылдың ақпан айында UFC 284 турнирінде өткен бірінші кездесуі төрешілер шешіммен Исламның жеңісімен аяқталған болатын.

31 жастағы Махачевтің еншісінде 25 жеңіс пен бір жеңіліс бар. 35 жастағы Волкановскийдің еншісінде 26 жеңіс және үш жеңіліс бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: prosports.kz
Өзгелердің жаңалығы