Мағзұм Мырзағалиев Джуди Куомен ЖЭК дамыту мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куомен кездесу өткізді.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында ЖЭК-ті дамыту, мұнай-газ кешенін дамытудың перспективалары, энергетикалық көшу және АЭС-ті салу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Энергетика министрі 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында теңдікке, адал бәсекелестікке және ашықтыққа негізделген халықаралық аукциондық сауда-саттықтың ашық тетігі қолданылатынын айтып, америкалық тарапты 2022 жылы өтетін аукциондарға қатысуға шақырды.

Анықтама ретінде: 2018 жылдан 2021 жыл аралығында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға 1705 МВт шығарылды. Аталған кезеңде әлемнің 12 елінен 196 компания қатысты.

Сондай-ақ Джуди Куо ханым «Development Finance Cooperation» америкалық дамуды қаржыландыру институтын құру туралы ақпаратпен бөлісіп, олардың АҚШ-тың ЖЭК саласындағы инвестицияларының негізгі бағыттарының бірінде Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде Қазақстанмен ынтымақтасуға қызығушылығы туралы хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы