Магниттік дауыл: Наурыздағы ең қауіпті күндер
7 мен 19 наурыз аралығында Жер бетінде магниттік дауылдар легі болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Магниттік дауыл адамдаодың денсаулығы мен техниканың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Дауыл 8-9 наурызда және 11 мен 14 наурыз аралығында шарықтау шегіне жетеді. Бұл күндері геомагниттік белсенділік Kp 5-ке дейін жетеді. Қалған күндері дауыл әлсіздеу болады.
Мамандар аталған күндері ауыр физикалық жүктемелерден тыйылып, алкоголь мен кофеин (көк шайды қосқанда) тұтынуды барынша қысқартуға кеңес береді.
- 7 наурыздан бастап индексі Kp 3-ті құрайтын әлсіз дауыл басталып, 9 наурызға дейін созылады.
- 9 мен 11 наурыз аралығында индексі Kp 3-пен дауыл болып, 11 мен 14 наурыз аралығында Kp 5-ке дейін күшейеді.
- 14 мен 16 наурыз аралығында қуаты Kp 4-ке төмендейді.
- 16 мен 18 наурыз аралығында индексі Kp 3-ті құрайтын дауыл қайталанады.
- 18 мен 19 наурызда дауыл Kp 3-ке дейін, ал 19 наурыздан соң Kp 2-ге дейін төмендейді.
Бұл күндері денсаулығыңызға түсетін жүктемені азайту үшін төмендегі кеңестерді есте сақтаңыз:
- Ұйқы режимін сақтап, ұйқыңызды қандыруға тырысыңыз.
- Тамақтың калориясын азайтып, эмоциялық күйіңізді бақылаңыз. Созылмалы ауруыңыз болса, қан қысымыңызды қадағалап, қажет болса, дәрі, мәселен, қаныңызды сұйылту үшін аспирин ішіңіз.
- Денсаулығыңызбен қатар, техникаларды да бақылауды естен шығармаңыз. Дауылдың алдында құрылғыларыңызды ертерек қуаттап алыңыз және қолданбайтын техникаларды өшіріп қойған дұрыс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қаруланған: Өзін әуежай қызметкері ретінде көрсетіп, ұшаққа мінген жасөспірім ұсталды
Келесі жаңалық
Маңғыстау облысында ауылдарды су басып жатыр
Өзгелердің жаңалығы