Магнитогорскіде тұрғын үйде жарылыс болып, 7 адам мерт болды
Алматы, baq.kz. Магнитогорскіде тұрғын үйде газ жарылды. Құтқарушылар 37 адамның қайда екенін іздестіруде. Бұл туралы мәлімет Челябинск облысының ТЖМ қалалық басқармасының сайтына жарияланды.
«Жергілікті сағат 07.00 жағдай бойынша, іздестіру жұмыстары кезінде үйінді астынан 12 адам табылды, оның 7 көз жұмған. 5 адам құтқарылды, оның біреуі бала. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Тағы 37 адамның қайда екенін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде», -делінген хабарламада.
Дүсенбі күні таңғы 4.00 шамасында Магнитогорскідегі онқабатты тұрғын үйде газ жарылып, үйдің бір подъезі түгелдей қираған. Апат болған аумақта 120 адам тұрып жатқан. ТЖМ дерегінше, жеті адам қаза болып, бесеуі ауруханаға жеткізілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Украинада президент сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы