4 Шілде 2024 2024, 22:48 Фото: baq.kz

Магистратураға түсуге өтінішті 8 шілдеге дейін беруге болады

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуші талапкерлерге хабарландыру жариялады.

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуші талапкерлерге хабарландыру жариялады.

Орталықтың мәліметінше, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілде, сағат 23:59-да аяқталады.

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Тіркелу барысында тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз. База жабылған соң тестілеу орнын ауыстыру мүмкін емес, - деп ескертеді орталықтан.

Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 шілде талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.