Бүгiн 2026, 08:11 Фото: AP Photo/ Florian Schroetter

МАГАТЭ қатыспаса, АҚШ пен Иран келісімі жүзеге аспайды – Гросси

Оның айтуынша, кез келген келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін МАГАТЭ инспекторлары тікелей тексеру жүргізуі қажет.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісімге ұйым қатыспаса, оның нақты мәні болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кез келген келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін МАГАТЭ инспекторлары тікелей тексеру жүргізуі қажет.

«Егер келісімге қол жеткізілсе, МАГАТЭ міндетті түрде қатысып, тексеруді жүзеге асыруы керек. Әйтпесе бұл келісім емес, тек оның елесі болады», – деді Гросси журналистерге.

Бұған дейін ол Вашингтон мен Тегеран арасындағы уағдаластықтар халықаралық бақылау болмаса, тек қағаз жүзінде қалып қоятынын атап өткен.

Айта кетейік, Иран ядролық бағдарламасын өткен ғасырдың ортасында бастаған. Ел 1958 жылы МАГАТЭ-ге мүше болып, 1968 жылы Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылған. Кейін бұл бағдарлама уақытша тоқтатылып, 1980 жылдардың соңында қайта жанданды.