Бүгiн 2026, 01:56 Фото: pexels.com

МАГАТЭ Иранда ядролық қарудың жоқ екенін растай алмай отыр

"Гросси Иранның ядролық бағдарламасы туралы мәлімдем"е жасады.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Иранның ядролық қару әзірлемей отырғанына жеткілікті дәлелдерге ие емес. Бұл туралы МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Ол бұл жағдайды агенттік инспекторларының Ирандағы ядролық нысандарға қолжетімділігінің шектеулі болуымен және уранды байыту деңгейінің артуымен түсіндірді.

Халықаралық агенттік басшысының айтуынша, соңғы жылдары Иран аумағында жүргізілетін халықаралық инспекциялардың мүмкіндігі едәуір қысқарған. Бұл елдің ядролық бағдарламасын толық тексеруді қиындатып отыр.                                                                                  Оның сөзінше, инспекциялық бақылаудың қысқаруы мен уранды байыту деңгейінің артуы халықаралық қауымдастықта Тегеранның ядролық бағдарламасының сипатына қатысты қосымша сұрақтар туғызуда.

Сонымен қатар МАГАТЭ басшысы агенттік Иран төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуді және келіссөздерді қайта жандандыруды қолдайтынын атап өтті.

Біз Иранға қатысты жағдайдың қайтадан келіссөздер алаңына оралуын қалаймыз, – деді Гросси.

Оның айтуынша, келіссөздердің қайта басталуы халықаралық бақылау механизмін қалпына келтіруге және Иранның ядролық нысандарын тұрақты түрде тексеруге мүмкіндік береді.

МАГАТЭ басшысы халықаралық қауымдастық үшін басты міндеттердің бірі – ұзақ мерзімді әрі ашық инспекциялық бақылау механизмдерін қалыптастыру екенін айтты. Бұл Иранның ядролық бағдарламасы атом қаруын жасауға бағытталмағанына көз жеткізуге көмектеседі.

Бұл агенттік мамандарының инспекцияларды қайта бастауына, сондай-ақ ирандық нысандарды ұзақ мерзімді және тұрақты тексеруге қатысты нақты келісімдер мен тетіктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы Иранның қызметі атом қаруын әзірлеу шеңберінен тыс екені анықталуы тиіс, – деп атап өтті ол.

Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі Таяу Шығыстағы шиеленістің негізгі факторларының бірі болып қалып отыр және халықаралық келіссөздер мен дипломатиялық күш-жігердің тұрақты тақырыбына айналған.