Маған Үкіметті отставкаға жіберу туралы кеңес берілді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев публикаға ойнап, ұпай жинамаймын деп айтты.
Ашығын айта берейін. Осы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысында маған кейбір аймақтағы және ведомстволардағы бірінші басшыларды жұмыстан босатуды, тіпті бүкіл Үкіметті отставкаға жіберу туралы кеңес берілген еді. Қоғам бұл әрекетіңізді дұрыс қабылдайды, ұпай жинап аласыз дегендер болды. Алайда, маған қазір саяси ұпай қажет емес. Публикаға ойнағанды құп көрмеймін, - дейді Тоқаев.
Ол жауапты адамдарды тыңдауға дайын екенін, бірақ халықтың алдында ойын ұйымдастыруды жөн деп есептемейтінін айтты.
Қазір ондай жаста да, жағдайда да емеспін. Кейбір әкім мен министр ескерту алды. Жалпы мұндай жазаға облыс болсын, министрлік болсын басқа басшылар да лайықты болуы мүмкін. Қазір біз әлеуметтік-экономикалық дамудың сыни кезеңінде тұрмыз. Үкімет пен әкімдерге дағдарыстан шығу үшін ойлы да батыл әрекет керек. Себебі дағдарыс ушығатын секілді. Бұл – әлемдік экономиканың болжамы. Ал Қазақстан - оның бір бөлігі, - деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы