Маған сенім артқандарыңыз үшін алғысымды айтамын – Әлихан Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министр лауазымына тағайындалған Әлихан Смайылов алғысын білдірді. 

Аса құрметті Президент мырза! Депутат мырзалар! Маған сенім артқандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Бұл мен үшін зор жауапкершілік. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігі, бейбітшілік келісімін нығайтуға халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға арналған өзгерістер жүзеге асып жатыр. Азаматтардың заңды талаптары ескеріліп, іске асырылатын болады, – деді Премьер-министр.

Оның сөзінше, ел Үкіметін ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Үкімет Президенттің жолдауларын, бастап жатқан реформаларын және тапсырмаларын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жұмыстарын жүргізетін болады. Тиімді макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің әсеріне ұшыраған инфляцияны біртіндеп төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды міндеттері тұр. Бизнес климатты жақсарту, халықты жұмыспен қамту мен жалақыны көтеру жөніндегі кешенді шаралар азаматтардың нақты табысының өсуіне ықпал етеді. Үкімет жұмысының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекеттік бюджет тиісті шараларға көзделетін болады. Алдымызда әлі коронавирусты меңгеру міндеті тұр. Үкіметтің алдына қойылатын міндеттерді шешу үшін барлық керекті шаралар қабылданатын болады - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы