МАЭК-тегі апат: Елде АЭС салу қаншалықты қауіпсіз?
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев күні кеше болған МАЭК ЖЭО апатын назарға алсақ, АЭС салу қаншалықты қауіпсіз екендігі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, бұл мәселеде МАЭК ЖЭО-дағы апаттың табиғатын ескерген жөн.
ЖЭО-да қалыптасқан жағдайдың сипатын түсінген жөн. Жағдайды сипаты – кейбір энергия нысандарында 100%-ға дейін жеткен негізгі жабдықтың тозуына алып келген жүйелі қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Яғни апаттың себебі – бұл осы нысандардың техникалық күйі. Оған қоса, жалақының төмендігіне байланысты маман тапшылығы да бар. Бұл нысандарды ауқымды жаңғырту керек, - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол АЭС саларда халықаралық қауіпсіздік талаптары қойылады деп отыр.
Егер АЭС туралы айтар болсақ, ол жерде эксплуатацияға беру режимі барынша реттелген. Эксплуатация бойынша халықаралық талаптар бар. Ол толықтай көлемде сақталады деп ойлаймын, - деді Алмасадам Сәтқалиев.