Мадуро: АҚШ Венесуэлаға отаршылдық үстемдік орната алмайды

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ елге отаршылдық үстемдік моделін енгізе алмайтынын және оның табиғи ресурстарын иемдене алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Venezolana de televisión телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мадуро Венесуэла халқы елді өз бетінше басқаруға қабілетті екенін атап өтіп, республика бейбітшілік пен өзара түсіністікке ұмтылатынын жеткізді. Сондай-ақ ол АҚШ-ты соңғы 25 жылда Венесуэлада іске аспаған жобалардан бас тартып, диалогты өзара құрмет негізінде бастауға шақырды.

Айта кетейік, Вашингтон Венесуэла билігін есірткі тасымалына қарсы күрестің әлсіздігі үшін сынап келеді. Осыған байланысты АҚШ Кариб теңізіне әскери кемелер тобын орналастырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP Photo / Ariana Cubillos
Өзгелердің жаңалығы