Мадина Сәдуақасова: Сайлау болады дегеннен бастап бұл күнді күттім
Әнші Мадина Сәдуақасова Алматыдағы №415 сайлау учаскесіне келіп, кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Таңертең ең әуелі сайлауға баруды ұйғардым. Сайлау жарияланған күннен бастап бұл күнді күттік. Мен өзімнің учаскеме таңғы 9.00-ға таман бардым. Біраз адам дауыс беруге келіпті. Сайлауда өз дауысымды беріп, Қазақстанның болашағына үлес қосқаныма қуаныштымын. Біз бүкіл отбасымызбен сайлауға барып, азаматтық ұстанымымызды көрсеттік. Әкем дауыс беру үшін сағат 6.50-де сайлау учаскесінде барды, - деді әнші Мадина Сәдуақасова.
Сондай-ақ, Алматыдағы әріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Георгий Кан №299 сайлау учаскесінде дауыс берді
Әрбір адам бүгін Президент сайлауынан аса маңызды мәселе жоқ екенін түсінуі керек. Әлемде не болып жатқанын қараңызшы. Еліміздің, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы осы күнге байланысты. Барлығы осыны түйсінуі қажет, - деді ол.
Алматыда барлығы 600 сайлау учаскесі ашылды, оның алтауы таңғы сағат 6.00-де есігін айқара ашты (әскери мекемелерде), қалғандары таңғы сағат 7.00-де жұмысын бастады. 55 сайлау учаскесінде тіркелмеген адамдар дауыс бере алады, тағы бір ерекшелігі 68 сайлау учаскесі сайлаушылар дауыс берген бойда кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады. Алматыда барлығы 1 миллион 176 мың сайлаушы бар.