Мадина Нұрғалиева: Президенттік жастар кадр резервіне патриот азаматтар кіруі тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Мадина Нұрғалиева жастар кадр резервіне қатысты пікір білдірді.
Басқарушылық кадрлық резервке Қазақстанның кәсіби, прогрессивті және патриоттық азаматтары кіруі тиіс. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстанда Жастар кадрлық резервін қалыптастыру жөніндегі бастамасы еліміздегі жас буынның жақсы қасиеттерін танытуға және жас мемлекеттік басқарушылардың перспективті құрамына кіруіне жаңа мүмкіндіктер берді. Қазіргі заманғы кадрлық технологиялар арнайы әзірленген pkrezerv.kz онлайн-платформада тестілеуден өткен кандидаттарды іріктеу рәсімінің жоғары ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл платформада қатысушылардың рейтингтері де үнемі жарияланды, - деді Мадина Нұрғалиева.
Оның айтуынша, іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың құзыреттілігін бағалаудың сапалы құралдары да пайдаланылды, оған презентация дайындау және эссе жазу кірді.
Эссені бағалау үшін сарапшылар қоғамдастығы мен академиялық ортадан 94 тәуелсіз бағалаушы, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылды. Эссе білімнің кеңдігі мен эрудициясын, сыни және ойлау дағдыларын, қорытындылардың дәйектілігін, салмақты шешімдер қабылдауға дайындығын бағалауға мүмкіндік берді. Болашақ басқарушы үшін қазіргі уақытта өзекті құзыреттілік – жағдайды жүйелі түрде талдау, көшбасшы болу, өзгерістерді басқару қабілеті болуы маңызды, - дейді сарапшы.
Кеңесшінің сөзінше, ассессмент-орталықта құзыреттілікті бағалауды 30 арнайы дайындалған ассессор және 6 супервизор жүргізді. Бұл ретте асессорларда үміткерлердің жеке мәліметтері болмады. 1 кандидатты бағалауды кемінде 2 ассессор және 1 супервизор жүргізді.
Сараптамалық комиссия мүшелерімен әңгімелесудегі финалалды кезеңде планшеттер пайдаланылды. Яғни нәтижелер бір мезгілде және бірыңғай базаға шоғырланды. Бұл бірден екі міндетті шешті – адам факторы және бағаны түзету мүмкіндігі болмады. Әңгімелесу кезеңінде саясаттанушы Данияр Әшімбаев, қоғам қайраткері және Парламент депутаты Артур Платонов, қоғам қайраткері және Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов, халықаралық агенттіктің бас директоры Асқар Омаров, сондай-ақ Азия даму банкінің өкілі Искандар Гуламов қатысты, - деп пікір бөлісті Мадина Нұрғалиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-ның үздік дәрігерлері анықталды
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы