Елордалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайтында хабарланды.
"Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы туған, жоғары білімді, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған", - делінген хабарламада.
Бұған дейін ол Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениент және спорт басқармасына Болат Мажағұлов басшы болған. Ол 2019 жылғы шілде айының соңында ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.