Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды

Данияр Қадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды.

Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

2000-2004 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.

2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылы ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

2023 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі болып тағайындалған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы