Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі жұмысын бастады

Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтіп, онда Кеңес қызметінің ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ашық дауыс беру арқылы Кеңес төрағасы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских сайланды. 

Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде алты салалық комиссияның құрамы құрылып, осы комиссиялардың төрағалары сайланды. 

Бұл ретте Кеңес мүшелері Қоғамдық кеңестің төралқасын құрады, оның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, комиссия төрағалары және Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кірді. Сонымен қатар, төралқа құрамына Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылмайтын, дауыс беру құқығынсыз мемлекеттік органның уәкілетті өкілі кірді. 

Сондай-ақ, отырыста Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітіліп, оның негізінде Кеңес жұмысының шарттары мен тәртібі айқындалады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңес құрамына 21 адам кірді. Кеңес толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен, оның ішінде белгілі қоғам қайраткерлерінен, үкіметтік емес ұйымдар мен салалық бірлестіктердің өкілдерінен тұрады.

Салалық комиссиялардың және Қоғамдық кеңес президиумының құрамдарымен сайтымызда танысуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы